Құрметті әріптестер, СЭҚ қатысушылары!.

Сіздер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ресми web-сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайттан Сіз кеден саласында толғандырған кез-келген сұрақтарыңызға нақты жауап алып, басқа да қызықты және пайдалы ақпараттарды табасыз. Біздің сайтта орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады және де сол ақпаратты қажет ететіндерге әрқашан да көмек болады деген сенімдемін. ШҚО бойынша КБД-ның ресми сайты, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жедел және нақты ақпарат алуға еркін мүмкіндік береді, әрі жаңа достар мен іскер серіктестер табуға көмектеседі.Сіздерге көздеген мақсаттарыңызға жетуде сәттілік тілеймін! 

Құрметпен, Малғаждаров Алтай Байкенұлы, ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы, кеден қызметінің полковнигі


 

 

 

«Кеден – бизнеспен ашық диалог»

Печать PDF

Кеден – бизнеспен ашық диалог ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті аясында Республикалық «Кеден – бизнеспен ашық диалог» ақпараттық-түсіндіру акциясы шеңберінде ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті төрағасы Мажит Есенбаевтың, Шығыс Қазақстан облысы әкімі Б.М.Сапарбаевтың және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері жетекшілерінің Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен қызметтік кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты – бизнес өкілдерін кеден органдарының кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, екі жақты әріптестікті нығайту және тауарларға кедендік тазарту мен кедендік бақылауды жүзеге асыруды оңтайландыру бойынша атқарып жатқан қызметі туралы ақпараттандыруды жандандыру болып табылады. Қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыруда келесі көкейкесті мәселелер орын алуда: - БЭК аумағына әкелінетін тауарларды жалған декларациялау; - Кедендік шекара арқылы тауарлар тасымалы жылдамдығының төмендігі; - Шекарадағы кедендік әкімшілендіру ресімдерінің ашық еместігі - Делдалдардың көлеңкелі бизнесі. - Шекара жанындағы аймақтарда экономикалық қылмыс топтарының болуы. Аталмыш жағдайлар мемлекет бюджетіне кедендік төлемдер мен салықтардың жеткіліксіз түсіміне әкеліп соғады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуде Комитет келесі шараларды жүзеге асырады: 1. Шекарадағы өткізу пунктеріндегі бақылау органдары талап ететін рұқсат қағаздарын және бақылау органдарын қысқарту. 2. Жанама салықтарды (ҚҚС, акциздер) әкімшілендіру құзыретін салық органдарына беру. 3. Қазақстан кеден әкімшіліктері және шетел мемлекеттері, сондай-ақ, кеден және бизнес арасында тасымалданатын тауарлар туралы алдын-ала ақпарат алмасуды қамтамасыз ету. 4. Кедендік ресімдер бойынша мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және енгізу. 5. Бизнес үшін тарифтік және тарифтік емес реттеу талаптарын оңтайландыру және ашық ету мақсатында интеграцияланған кеден тарифін әзірлеу. 6. Шекарадағы рәсімдерді жеделдету мақсатында кедендік транзит ресімін қолдану кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру. 7. Кедендік инфрақұрылым жанындағы өкілдер жауапкершілігі шараларын күшейту және олардың ұсынатын қызметтер сапасын жақсарту мақсатында кедендік өкілдер (брокерелр) және уақытша сақтау қоймалары иелеріне қойылатын санаттық талаптарды нақтылау. 8. Кедендік бекеттерді жарақтандырылуы, географиялық орналасуы (ішкі, сыртқы), ресімделетін тауарлар құрылымы бойынша санаттау. 9. Кедендік ресімдерден өтуді оңтайландыру үшін компанияның қызмет түріне байланысты тәуекелдерді азайту шаралары таңдаулылығы дәрежесін анықтау.

Кеден – бизнеспен ашық диалог Халықаралық сауда-саттықтың қарыштап дамуы жағдайында ел кедені алдында бизнес үшін әлемдік тәртіпке сай қажетті жағдай жасау, кедендік операцияларды оңтайландыру және уақытын қысқарту, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану жолымен кедендік бақылау тиімділігін арттыру, тауарлар тасымалы, кедендік рәсімдерді қолдану арқылы кедендік тазалау және тауарларды шығаруға қатысты бизнес-үрдістерді толық автоматтандыру және т.б. ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті қызметі Қазақстан кеден органдары алдына қойылған міндеттерді орындауда межелі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беруде. Бюджеттің кіріс бөлігін толтыру бойынша тапсырмаларды орындау мақсатында кедендік құн, тауарларды жіктеу, көлік құралдарының жүктелуі, импорт құрылымы және басқа да ҚХР аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты көрсеткіштерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша мемлекет бюджетіне 3,2 млрд. кедендік төлемдер мен салықтар аударылды. 2011 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім көлемі 1,4 млрд. теңгеге немесе 75 пайызға артты. Департамент тұрақты түрде контрабандаға қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы айналымнан 35 млн. теңгеден астам контрабандалық тауарлар тәркіленді. Бекітілген жоспарға сәйкес ШҚО ІІД ЕҚКБ, ШҚО ҰҚКФ бірлесе ШҚО құқық қорғау органдарымен есірткі заттары, психотроптық заттар, прекурсорлардың заңсыз айналымын анықтауға бағытталған шаралар орындалуда. Бірлескен шаралар нәтижесінде ҚР ҚК 259-бабы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 7 кг. 250,08 гр құрады. Оның ішінде: - героин – 6 370,25 грамм; - марихуана – 879,83 грамм Қазіргі уақытта «Бақты» бірыңғай бақылау-өткізу пунктін (бұдан әрі-ББӨП) қайта құру және «Майқапшағай» ББӨП құрылысы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, қайта қарау кешендері, жолаушылар терминалы, кеден бекеті қызметкерлеріне және басқа бақылау органдарына қажетті бөлмелер, ыңғайлы кіру беріс жолдарының құрылысы жоспарланған. Аталмыш шаралар өз кезегінде «Майқапшағай» және «Бақты» кеден бекеттерінің өткізу қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. «Бақты» ББӨП қайта құру және «Майқапшағай» ББӨП құрылысы аяқталғаннан кейін өткізу пункттері бекітілген халықаралық стандарттарға сәйкес келетін болады. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау, инвестиция көздерін тарту мақсатында аталған өткізу пункттері қызметі аумағына уақытша сақтау қоймалары құрылысынан басқа қажетті инфрақұрылымның жоқтығынан осы кеден бекеттері жанынан техникалық қызмет көрсету станциялары, жанар-жағар май құю станцияларын салу, кеден өкілдерін, көлік компаниялары өкілдіктерін орналастыру, қонақ үй, тұрақтар, қоғамдық тамақтану орындары құрылысының қажеттігі айқын. «Бақты», «Майқапшағай» кеден бекеттерінде кедендік бақылаудың жоғары технологиялық жабдықтары – Тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), Радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (РБАЖ «Янтарь-1П» және «Янтарь–1А»), Электронды өткізу пункті (ЭӨП), Инспекциялық тексеріп қарау кешені (ИТҚК), «Рапискан» рентген жабдығы орналастырылған. ТЖБАЖ кедендік бақылау нәтижесін арттырып, «жалған транзит» фактілерінің алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кедендік бақылаудағы тауарлардың заңсыз түсірілуі және тиелуіне жол бермеуді бақылауда ұстаудың тиімділігін ұлғайтты. Инспекциялық тексеріп қарау кешені (ИТҚК) контрабанданы, мәлімделмеген тауарларды анықтау және жүктердің жүк декларациясына сәйкестігін тексеру мақсатындағы жүк көліктерін тексеріп қараудың қауіпсіз және сенімді жүйесі болып табылады. Қазіргі уақыттағы кеден саласында орын алған күн тәртібіндегі негізгі көкейкесті мәселелерді кеден органдары Облыс басшылығымен және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, сонымен қатар, бүгін өткізіліп жатқан «Кеден – бизнеспен ашық диалог» «дөңгелек үстелі» аясында әкімшілік тосқауылдарды азайтуға бағытталған ортақ мәмілеге келіп шешетін болады.

 

Қытай контрабандасы

Печать PDF

Қытай контрабандасы Қазақ-қытай шекарасында тағы бір ірі көлемдегі контрабанданың жолы кесілді. ШҚО бойынша КБД «Майқапшағай» кеден бекетінде Ресей Федерациясының азаматы «ФОТОN» маркалы жаңа жүк көлігін декларациялау арқылы жасырын түрде халық тұтынатын тауарлар түрінің бірнеше түрін аталмыш көлік құралымен алып өтпек болған. Кеден бекетінің қызметкерлері Контрабандаға қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп қарау барысында декларацияланбаған тауарлар ішінде балалар киімі, жасөспірім және әйелдер киімінің 18 түрін, сондай-ақ жиһаздың 3 түрін анықтады. ШҚО бойынша Кедендік кірістер басқармасының есебі бойынша ресімделмеген тауарлардың кедендік құны 5 222 226,97 теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 2 014 924, 27 теңгені құрады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 209-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері, яғни Кеден одағы кедендiк шекарасы арқылы ірі көлемде тауарларды ресімдемей заңсыз алып өту бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Көктемгі кросс2012

Печать PDF

Көктемгі кросс Өскемен қаласының «Алтай» стадионында Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында жеңіл атлетика бойынша біріншілік болып өтті. Аталмыш спорттық шара Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары құрылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Әйелдер арасындағы жүгіру қашықтығы 1,2 км., ерлер арасында 2,4 км. құрады. Межелі кросқа ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті, ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ШҚО бойынша Қылмыстық түзету жүйесі департаменті, №3477 әскери бөлімі, №6638 әскери бөлімдері командалары қатысты. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш спорттық жарысқа қатысушылар саны мен сапасы артып келе жатқандығын атап өткен жөн. ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінен бұл жарысқа 5 қызметкер қатысты. Кросс нәтижесі бойынша «Лениногор» кеден бекетінің маманы Мария Кузьмина әйелдер арасындағы жүгірісте 2-орынды иеленіп, грамота және бағалы сыйлықпен марапатталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы» 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына сәйкес, биыл еліміздің барлық құқық қорғау органдары кезектен тыс аттестациядан өтеді. ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің құқық қорғаудағы қызметкерлері республика, облыс көлеміндегі спорттық жарыстарға белсенді қатысып, дене шынықтыру бойынша тапсырылатын сынақтарға дайындығын жүргізуде.

 

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мың тағзым!

Печать PDF

souzШығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті. Департамент бастығы Малғаждаров А.Б. жеке құрамды тарихи мерекемен құттықтады: «Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің ұжымы ардагерлерді мерекелерімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді!Біз бейбітшілік пен еркіндік жолында қан майданда ерліктің биік шоқтығын көрсеткен әкелеріміз бен аталарымыздың алдында мәңгі қарыздармыз және оларға тағзым етеміз. Тылда жанкешті еңбек етіп, жеңіс күнін жақындатқан аналарымыз бен балаларын зор құрметпен еске аламыз. Кеңес Одағының барлық халықтары фашизмге қарсы қайтпас қайсарлықпен күресе білді және жеңді. Еркіндігін қорғай алатын халық қана оған лайықты». Департамент ұжымы ардагерлерге материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, мереке қарсаңында бірқатар Департамент қызметкерлеріне алғыс хаттары табысталып, Ауған соғысына қатысқан қызметкерлерге сыйақы берілді. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның үлесі ұшан теңіз. Фашистерге атылған он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Қазақстанда 20 дивизия жасақталып, оның бесеуі гвардиялық дәрежеге жетті. Соғыс жылдарында 1 миллион кеңес азаматы Қазақстан жеріне көшірілді. Кеңес Одағының осы зұлмат соғыста 30 миллион жанның өмірі қиылды. Сондықтан, біз бүгінгі ұрпақ көзі тірі ардагерлерімізді құрмет тұтып, опат болғандарды әрдайым жадымызда сақтаймыз.

 


Страница 1 из 17

ШҚО бойынша КБД бастығының виртуалды қабылдауы

Сайттан іздеу

Сұрақ-жауап

Сіз ШҚО бойынша КБД ақпараттық-консультативтік пункттеріне қаншалықты жиі жүгінесіз?
 

Байланыстары

8 (7232) 24 58 60
24 06 05
Өскемен қ., Новаторлар к.,7/2

Валюта бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу

Ауа райы

Жаңалықтар

ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті «Майқапшағай» кеден бекеті, Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және ҚР ҰҚКД Зайсан аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына бара жатқан Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тұрғыны, Қазақстан Республикасының азаматының қол жүгін тексеріп қарау барысында 4 дана аю терісі, 22 дана аюдың табаны, 1 дана жүрегі, 3 дана бас сүйегі табылып тәркіленді.Осымен, Қазақстан Республикасы азаматының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлімі, 209-бабының 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс құрамының белгілері байқалады. Аталған факт Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің арыздарды есепке алу кітабында тіркелді. Тексеру жүргізу барысы туралы қосымша хабарланады.


© 2010 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімі". Барлық құқықтары қорғалған.